Қазақстан әйелдер құрамасының 2023 жылғы Әлем чемпионатының іріктеу кезеңіндегі қарсыластары белгілі болды

01.05.2021, 03:30
2023 жылғы әйелдер арасындағы әлем чемпионаты Австралия мен Жаңа Зеландияда өтеді
Қазақстан әйелдер құрамасының 2023 жылғы Әлем чемпионатының іріктеу кезеңіндегі қарсыластары белгілі болды

Бүгін Швейцарияның Ньон қаласында 2023 жылы өтетін әйелдер арасындағы Әлем чемпионатына іріктеу кезеңінің жеребесі тартылды.

Қазақстан әйелдер құрамасы Франция, Уэльс, Словения, Греция және Эстония құрамаларымен бірге "І" тобына түсті. Матчтар осы жылдың қыркүйек айында басталады.

Тоғыз іріктеу тобының жеңімпаздары тікелей финалдық кезеңге өтеді. Екінші орын алған тоғыз команда 2022 жылы қазан айында плей-офф кезеңінде өнер көрсетеді.

Іріктеу ойындарының күнтізбесі:

2021 жыл 13-21 қыркүйек

2021 жыл 18-26 қазан

2021 жыл 22-30 қараша

2022 жыл 4-12 сәуір

2022 жыл 29 тамыз - 6 қыркүйек

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×