Қазақстан құрамасы Аустрия жерінде жолдастық матч өткізеді

01.05.2021, 01:05
Бұл жолғы қарсыласымыз Мальта құрамасы
Қазақстан құрамасы Аустрия жерінде жолдастық матч өткізеді

7 маусым күні Талғат Байсуфинов баптайтын Қазақстан құрамасы Аустрияның Вольсберг қаласындағы «Лавенталь Арена» стадионында Мальта құрамасымен жолдастық кездесу өткізетін болды. 

Ұлттық құрамамыз 2003 жылы Валеттада жолдастық матч өткізіп, Мальта ұжымымен 2:2 тең түскен болатын. 

Естеріңізге сала кетейік, 4 маусым күні Қазақстан құрамасы Приштина қаласында Косово құрамасымен жолдастық кездесу өткізеді.

Еске салайық, 2022 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңінде Талғат Байсуфинов шәкірттері екі ойын өткізіп үлгерді - өз алаңында Францияға есе жіберді (0:2), ал сырт алаңда Украинамен тең ойнады (1:1). Қазақстан құрамасы Әлем чемпионатының іріктеу кезеңіндегі жорығын қыркүйек айында жалғастырады. 1 қыркүйек күні Украина құрамасын қабылдаса, 4 қыркүйекте Финляндияға, 8 қыркүйекте Боснияға қонаққа барады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×