Давид Караев: «Көбірек ойнау үшін «Каспий» сапына ауыстым»

30.04.2021, 22:48
Караев ақтаулық клубта маусым соңына дейін жалға ойнайды.
Давид Караев: «Көбірек ойнау үшін «Каспий» сапына ауыстым»

Наурызда ресейлік "Уралдан" ақтаулық "Каспийге" жалдау шарты бойынша ауысқан Әзірбайжан жасөспірімдер құрамасының бұрынғы шабуылшысы Давид Караев қазақстандық клубқа ауысу себебін түсіндірді.

- Қалыңыз қалай? "Каспийге" ауысуыңыздың себебі неде?

- Бәрі жақсы. Мен әлі күнге дейін келісім-шарт бойынша "Уралға" тиесілі ойыншымын. Ол жерде ойын практикасы жеткіліксіз болды, сондықтан мен көбірек ойнау үшін Қазақстанға келуге бел будым.

- Әзірбайжандық клубтарға бару мүмкіндігіңіз болды ма?

- Әзірбайжандық клубтармен ешқандай байланыс болған жоқ. Бірақ мен әрқашан ел чемпионатын және ұлттық құраманы қадағалап отырамын.

- Сіз Әзірбайжанның жасөспірімдер құрамасында ойнадыңыз. Сол кездерді қалай еске аласыз?

- Жақсы уақыт болды. Мен ешқашан ұмытпаймын, өйткені Әзірбайжан маған көп нәрсе берді.

- Сіздің арғы тегіңіз Әзірбайжанмен байланысты ма?

- Жоқ. Бірақ мен Әзірбайжанның бір бөлігі болдым.

- Неліктен Әзірбайжан құрамасында ойнауды жалғастырмадыңыз? Сізді жаттықтырушылар шақырмады ма?

- Мен Ресейге кеткен сәттен бастап ол жерден ешкім маған хабарласқан жоқ.

- Егер мен қателеспесем, сіз футболшы ретінде Әзербайжан елінің азаматтығынан бас тарттыңыз, бірақ мансабыңыз ойдағыдай өрбіді...

- Мен азаматтықтан бас тартқан жоқпын. Дәл сол кезде маған жас футболшы ретінде Ресейде ойнау қиын болды. Себебі менде легионердің төлқұжаты болған еді.

- Әзірбайжан құрамасындағы футболшылардың ішінде кімімен байланыстасыз?

- Мен Намик Алескеровтің ұлттық құрама сапында ойнайтынын білемін. Әрдайым оның ойынын бақылап жүремін. Қазір ол "Нефтчиде" жақсы маусым өткізуде.

- Мүмкіндік болса, Әзірбайжан құрамасында ойнағыңыз келе ме?

- Мен ешқашан Әзірбайжан құрамасында ойнағым келмейді деп айтқан емеспін. Бұл жай футбол, және сол кезде Ресейде легионер ретінде ойнау мен үшін қиынға соқты. Мен жас едім, маған шетелде ойнау керек болды. Қазір жағдай басқаша. Мен әрдайым осы команда үшін алаңдаймын, өйткені мен жас кезімді сол жерде өткіздім және достарым көп болды. Көп уақыт өтті, Әзірбайжан чемпионаты өсті, ұлттық құрама өсті. Барлығының жақсы жаққа қарай өзгергенін көруге болады. Инфрақұрылым да дамыды. Әрине, ұлттық құраманың ойыншысы болу үлкен мақтаныш. Сондықтан, кез-келген футболшы бұл мүмкіндік туралы ойланар еді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×