Зайнутдинов ЦСКА-дан кетуі мүмкін

30.04.2021, 21:52
Ойыншы жарақатына байланысты жаңа бапкердің жетекшілігімен бірде-бір матчқа қатысқан жоқ.
Зайнутдинов ЦСКА-дан кетуі мүмкін

Ресейлік "Vseprosport" басылымы ЦСКА-ның трансферлік саясатын талдап, қазақстандық Бақтиер Зайнутдиновтың командадан кетуі мүмкін екенін жоққа шығармады.

"Жаңадан келген ойыншылардың тізімінде Влашич, Еджуке, Гаич және Фукс бар. Влашич туралы сұрақтар жоқ - оны тексерді және келісім-шартын сатып алды. Бірақ өткен жазғы трансфер терезесіндегі рекордтық сомаға алынған футболшылар нәтиже көрсете алмады. Фукстың жарақаты бар, Гайч Италияда жүр, Эжуке тырысып жатыр, бірақ бұл жеткіліксіз. Рондон тым ауыр, Зайнутдинов кетуі мүмкін. Біз трансферлерді есепке алуымыз керек, егер 32 миллион еуроға алынған ойыншылар команданы Чемпиондар Лигасына шығара алмаса, кімді кінәлаймыз? Одан бөлек, өткен жазда командаға қосылған Шкурин, Гогуа, Лукас Сантос, Шарлия, Сигурдссон, Обляков, Нишимура және Бийол секілді ойыншылар да сенімді ақтамады. Бұл үшін Гинер мен Бабаев жауап беруі керек", - деп жазады дереккөз.

Зайнутдинов осы маусымда 29 кездесу өткізіп, 1 гол соқты, 3 нәтижелі пас берді. Бақтиер қазіргі уақытта жарақатына байланысты командасына көмектесе алмауда.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×