«Манчестер Юнайтед» «Реал Мадридтің» 57 жыл бұрынғы жетістігін қайталады

30.04.2021, 20:14
«Манчестен Юнайтед» финалда ойнауға лайық екенін дәлелдеді.
«Манчестер Юнайтед» «Реал Мадридтің» 57 жыл бұрынғы жетістігін қайталады

"Манчестер Юнайтед" "Олд Траффорд" стадионында Еуропа Лигасының бірінші жартылай финалдық кездесуінде "Романы" ірі есеппен жеңді - 6:2.

Gracenote Live статистикалық порталы хабарлағандай, "қызыл сойқандар" соңғы 57 жыл ішінде еурокубоктің жартылай финалында алты гол соққан алғашқы команда атанды. Соңғы рет "Реал Мадрид" 1963/1964 жылғы маусымда осындай жетістікке қол жеткізген еді. Ол кезде мадридтік клуб Чемпиондар кубогінің жартылай финалында "Цюрихпен" ойнаған болатын.

Сондай-ақ "Манчестер Юнайтед" шабуылшысы Эдинсон Кавани осы матчта екі гол соғып, екі нәтижелі пас берді. Осылайша ол еурокубоктік ойындарда 2+2 нәтижесіне қол жеткізген ең егде (34 жас 74 күн) ойыншы атанды. Кавани 31 жастарында дәл осындай көрсеткішті өз еншісіне жазған Роберт Левандовски мен Лионель Мессидің рекордын жаңартты. Одан бөлек, "Ромамен" болған кездесуде Бруно Фернандеш те қос гол соғып, екі рет әріптестерінің гол соғуына мүмкіндік жасады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×