«РБ Лейпциг» Юлиан Нагельсманның орнын басатын бапкердің есімін атады

30.04.2021, 19:43
Бұл маман бұған дейін де «РБ Лейпцигте» қызмет атқарған.
«РБ Лейпциг» Юлиан Нагельсманның орнын басатын бапкердің есімін атады

"РБ Лейпциг" өзінің ресми сайтында команданы "Ред Булл Зальцбургтің" бас бапкері Джесси Марштың жаттықтыратыны туралы хабарлады.

Америкалық маман "бұқаларға" осы маусымның соңында қосылады. Онымен келісім-шарт екі маусымға, 2023 жылдың жазына дейін жасалды.

Естеріңізге сала кетейік, "РБ Лейпцигтің" қазіргі жаттықтырушысы Юлиан Нагельсманн осы маусым аяқталғаннан кейін Мюнхеннің "Бавариясын" жаттықтырады.

Марш "Ред Булл Зальцбургті" 2019 жылдан бері баптап келеді және оған дейін "РБ Лейпцигте" жаттықтырушының көмекшісі болып жұмыс істеді. Одан бөлек "Нью-Йорк Ред Буллз", "Монреаль Импэкт" клубтарында бас бапкер болды және "Принстон Тайгерз" мен АҚШ құрамасының бапкерлер құрамында қызмет атқарды. Оның басшылығымен австриялық клуб ел біріншілігі мен Австрия Кубогін жеңіп алды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×