Алексей Бага: «Қосалқы құрамдағы ойыншылар алаңға шыққан кезде командамыздың ойын сапасы төмендемейді»

05.04.2021, 04:30
«Ақтөбе» бүгін осы маусымдағы алғашқы жеңісіне қол жеткізді.
Алексей Бага: «Қосалқы құрамдағы ойыншылар алаңға шыққан кезде командамыздың ойын сапасы төмендемейді»

"Ақтөбе" клубының бас бапкері Алексей Бага "Атыраумен" болған ойынды қорытындылады.

- Мен барлық ақтөбеліктерді, жанкүйерлерді, клуб басшылығын, команданы алғашқы жеңістерімен құттықтаймын! Алдыңғы ойындарда үш ұпайдың алғышарттары болғанымен, әр түрлі себептермен қалағанымызға қол жеткізе алмадық, бірақ бүгін қалаған үш ұпайды еншіледік. Ойын өте қиын болды. Бұған дейін екі ойында жеңілген командамен сырт алаңдағы кездесу... Мұны бәріміз түсіндік. Дайындық кезінде бұл туралы жігіттерге айттық. Мұны олардың бәрі де білді. Көріп отырғаныңыздай, ойын көрсеткендей, алаң иелерінде шынымен де шегінетін жер болған жоқ.

Біз алғаш болып гол жіберіп алдық. Бірақ бәрібір оң нәтижеге сендік. Ойынға дейін де, үзіліс кезінде де сеніміміз мол болды. Жігіттердің ойынға деген дайындық жұмыстарына қарасақ, осы жерден үш ұпай алып кететініміз анық болды. Мен осылай болғанына қуаныштымын. Бұл оңай болған жоқ, өйткені ұлттық құраманың кейбір жігіттері қайтып келді. Дайындық деңгейлері әртүрлі. Дегенмен, біз үш ұпайға қол жеткіздік, ең бастысы осы. Енді біздің басты міндетіміз - қалыпқа келу.

Алда өте күрделі матч күтіп тұр. Біз үйдегі ойындарды басқа алаңда өткіземіз, сондықтан біз тағы да бейтарап матчқа дайындалуымыз керек. Тағы да бәрін жеңіспен құттықтаймын!

Ойын туралы айтар болсам, екінші таймда қарсыластардың мүмкіндіктерінен бөлек, біз шабуыл шебінде жақсы ойнадық. Агрессия болды, айып алаңына пастар берілді, айып добы орындалды. Мен бүгін ойынға алмасып шыққан футболшыларды атап өткім келеді. Ойыншылардың алаңға шықпай тұрып-ақ, командаға 100% қолдау көрсетіп, бір мақсатпен, бір идеямен өмір сүруі маңызды. Сонымен қатар олар алаңға шыққан кезде ойын сапасы төмендемейді. Керісінше. Бұл өте маңызды. Біздің команда енді ғана құрылып жатыр, сондықтан мінез көрсету арқылы жеңіске жету өте маңызды. Бірінші кезекте жастар үшін.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×