Харри Кейн Уэйн Рунидің рекордын жаңартты

05.04.2021, 05:07
Кейннің соққан қос голы командасына жеңіс сыйлай алмады.
Харри Кейн Уэйн Рунидің рекордын жаңартты

"Сент-Джеймс Парк" стадионында "Ньюкасл Юнайтед" Англия Премьер-лигасының 30-туры аясында "Тоттенхэм" клубын қабылдады. Кездесу 2:2 есебімен аяқталды.

Бұл матчта дубль жасаған Харри Кейн Премьер-лигада бір клуб үшін сырт алаңда 84 гол соғып, "Манчестер Юнайтед" сапында 82 гол соққан Уэйн Рунидің рекордын жаңартты, деп хабарлайды Opta Sport.

Жалпы, Руни Англия чемпионатында сырт алаңда өткен кездесулерде 94 гол соққан (бірақ 12 голын "Эвертон" сапында соққан), ол бұл көрсеткіш бойынша алғашқы орында тұр. Екінші орынға Алан Ширер (87), үшінші орынға Фрэнк Лэмпард (85) жайғасқан.

"Тоттенхэм" 29 матчта 48 ұпай жинап, 7-орында тұр. Ньюкасл Юнайтед (28 ұпай) - 17 орында.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×