Алексей Бага ресми түрде қызметінен кетті

06.05.2021, 03:14
«Ақтөбе» соңғы төрт матчтың бәрінде жеңіліске ұшырады.
Алексей Бага ресми түрде қызметінен кетті

«Ақтөбе» футбол клубы мен Алексей Бага арасындағы келісім-шарт қос тараптың мәмілесі бойынша күшін жойды.

Клуб басшылығы Алексей Анатольевичке алдағы бапкерлік мансабына сәттілік тілеп шығарып салды. 

Алдағы «Жетісу» командасына қарсы бас бапкер қызметін уақытша Владимир Зеленовский атқаратын болады. Владимир Викторович өткен маусымда бапкерімен қоштасқан «ақ-қызылдарды» жеңіске жеткізіп, Премьер-лигаға қайта оралуы үшін өз үлесін қосқан болатын. 

Естеріңізге сала кетейік, Алексей Бага «Ақтөбені» осы маусымның басында тізгіндеген болатын. «Ақтөбе» Баганың басшылығымен 9 матч өткізіп, екеуінде жеңіске жетті, үш мәрте тең ойнады.


Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×