Юрий Логвиненко «Ақтөбе» ойыншысы атанды

06.05.2021, 03:52
Юрий Логвиненко «Ақтөбе» ойыншысы атанды

Юрий Логвиненко «Ақтөбе» футбол клубының ойыншысы атанды, деп хабарлайды клубтың баспасөз қызметі.

Ақтөбе футбол мектебінің түлегі қыста ресейлік «Ротор» сапына ауысып, жарақатына байланысты бірде-бір ойынға қатыса алмай, екі жақты мәміле бойынша келісім-шартты бұзған еді.

Логвиненко осыған дейін 2005/06 – 2015/16 жылдар аралығында «Ақтөбеде» ойнап, 126 матчқа қатысып, жеті мәрте мергендігімен көзге түсіп, сегіз нәтижелі пас берген. 

Кейіннен елордалық «Астана» жейдесін киіп, 137 матчқа шығып, 15 рет қақпа торын тулатып, төрт голдық пас берген. Сонымен қатар Қазақстан ұлттық құрамасы сапында 53 ойын өткізіп, бес гол соққан. Бес голдың үшеуі әйгілі Петр Чехтың қақпасына екенін де айта кеткен жөн.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×