Алексей Бага: «Үш ұпайға ие болу үшін соңғы минуттарда гол соғудың қажеті жоқ екенін білеміз»

14.04.2021, 16:18
«Ақтөбе» келесі ойындарын өз алаңында өткізе алады.
Алексей Бага: «Үш ұпайға ие болу үшін соңғы минуттарда гол соғудың қажеті жоқ екенін білеміз»

"Ақтөбе" командасының бас бапкері Алексей Бага Премьер-лиганың бесінші турында "Қызыл-Жарға" қарсы өткен ойын (2:1) туралы пікір білдірді:

- Біз үш ұпайға ие болу үшін соңғы минуттарда гол соғудың қажеті жоқ екенін білеміз. Бұл бүгін тағы қайталанды. Мінез - бұл өте керемет дүние, біз оны тағы бір рет көрсеттік. Қиын сапар, қиын жағдайлар, матч та қиын уақытта басталды... Бірақ тағы бір рет қайталаймын, үш ұпай - біз қол жеткізген ең жағымды нәрсе. Алда көптеген жұмыстар күтіп тұр.

Біз өзімізді-өзіміз мақтамауымыз қажет. Жұмыс істеуді қажет ететін дүниелер бар, біз өз қаламызға қайта ораламыз. Барлығымыз ұйымшылдықпен жұмыс істейтін боламыз. Кейбір қателерді түзету оңайырақ болады деп ойлаймын.

Ия, мұндай эмоциялар мен мұндай ойындардың кейбір адамдарға ұнайтыны сөзсіз, бірақ бұл клуб қызметкерлері мен жаттықтырушыларға ұнамайды. Бірақ мен тағы бір рет қайталаймын, біз бұған сәл басқа қырынан қарауымыз керек. Қорытынды нәтиже және мүмкіндіктер - бұл медальдің бір жағы ғана. Сенім мен мінез деген жақсы нәрсе, бірақ екінші жағынан, біздің мұндай деңгейде ойнауға құқымыз жоқ.

Енді біз үйге қайтуымыз керек. Келесі ойында біз жаттықтырушыға байланысты үлкен мәселеге тап болған, аз ұпай жинаған команданы қабылдаймыз. "Қызыл-Жарға" қарсы ойын - бұл керемет оқиға және тарих. Біз үш ұпай алдық, енді өз алаңымызда өтетін ойынға дайындалуымыз керек. Бұл өздеріңіз білетіндей, одан да үлкен жауапкершілік. Барлық жанкүйерлерге рахмет! Мен жанкүйерлерге шыдамдылық пен денсаулық тілегім келеді! Мұсылмандардың қасиетті айында көбірек дәрумендерді қабылдау жүрекке пайдалы. Келесі ойынға дейін көріскенше...

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×