«Челси» АПЛ клубтары арасында рекорд орнатты

14.04.2021, 16:45
Лондондық клуб «Манчестер Юнайтедті» артқа тастады.
«Челси» АПЛ клубтары арасында рекорд орнатты

УЕФА Чемпиондар лигасының ширек финалындағы жауапты ойында "Челси" "Портудан" жеңіліп қалды (0:1), бірақ қос матчтың қорытындысы бойынша (2:1) басым болып, жартылай финалға жолдама алды.

Squawka статистикалық порталының хабарлауынша, лондондық клуб Чемпиондар Лигасының тарихында (1992/1993 маусымнан бастап) сегізінші рет жартылай финалға шықты. Бұл ағылшын командалары арасындағы ең жақсы нәтиже. Осы уақыт ішінде "Манчестер Юнайтед" кәрі құрлықтағы басты клубтық турнирдің жартылай финалында жеті рет, "Ливерпуль" - бес, "Арсенал" - екі, "Манчестер Сити", "Тоттенхэм" және "Лидс" бір рет ойнады.

Жартылай финалда Томас Тухельдің шәкірттері "Реал Мадрид" - "Ливерпуль" жұбының жеңімпазымен кездеседі.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×