Алексей Щеткин мансабын Өзбекстан чемпионатында жалғастырудан бас тартты

05.07.2021, 18:04
Шабуылшыға аутсайдер командадан ұсыныс түскен екен.
Алексей Щеткин мансабын Өзбекстан чемпионатында жалғастырудан бас тартты

Шабуылшы Алексей Щеткинге Өзбекстан чемпионатынан ұсыныс түсті, деп хабарлайды Vesti.kz сайты.

Чемпионат аутсайдерлерінің бірі - «Турон» 30 жастағы ойыншыға қызығушылық танытуда. 12 турдан кейін команда турнирлік кестеде 13-ші орында келе жатыр.

«Турон» жоғарғы дивизиондағы орнын сақтап қалғысы келеді және сапалы әрі гол соғатын шабуылшыны қатарға қосуды жоспарлап отыр. Осы мақсатта клуб жаңа шабуылшыға айына 15 мың доллар көлемінде жалақы беруге дайын екен.

Алайда Щеткин бұл клубтың нұсқасын қарастырған жоқ. Қазақстан құрамасының шабуылшысы мансабын Ресей чемпионатында жалғастырғысы келеді.

Бұған дейін Щеткиннің «Уфа» клубымен келіссөздер жүргізгені хабарланған болатын.

Өткен маусымда шабуылшы волгоградтық «Ротор» сапында бес матч өткізіп, екі гол соққан болатын.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×