Вячеслав Швырев мансабын Ресейде жалғастырады

06.07.2021, 00:03
Швырев күні кеше «Ақжайықтан» кеткені туралы хабарлаған еді.
Вячеслав Швырев мансабын Ресейде жалғастырады

Қазақстандық футболшы Вячеслав Швырев мансабын «Қайрат-Мәскеу» командасында жалғастырады, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі. «Қайрат» құрылымына кіретін жаңа клуб осы маусымнан бастап ПФЛ-да бақ сынайтын болады.

Швырев күні кеше «Ақжайықтан» кеткенін хабарлаған еді. «Қайрат» шабуылшысы оралдық клубта жалдау шарты бойынша өнер көрсетті. 20 жастағы футболшыға қарағандылық «Шахтер» да қызығушылық танытуда.

Швырев «Ақжайыққа» ақпан айының соңында қосылған болатын. Жас шабуылшы оралдық клуб үшін 9 кездесу өткізіп, 1 гол соқты, 1 нәтижелі пас берді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×