«Манчестер Юнайтед» Эдуардо Камавингамен келіссөздер жүргізуде

06.07.2021, 00:24
«Қызыл сойқандар» орталық алаңды күшейтуді жоспарлап отыр.
«Манчестер Юнайтед» Эдуардо Камавингамен келіссөздер жүргізуде

"Ренн" командасының жартылай қорғаушысы Эдуардо Камавинга мансабын Англия Премьер-лигасында жалғастыруы мүмкін.

Журналист Фабрицио Романоның мәліметіне сүйенсек, "Манчестер Юнайтед" 18 жастағы футболшымен келіссөздер жүргізуде.

Ал "Ренн" өзінің жас ойыншысын небәрі 30 миллион еуроға сатуға дайын екен. Эдуардоның келісім-шарты келесі жазда аяқталатындығына байланысты франциялық клуб оны тегін жібергісі келмейді.

Камавинга - "Ренн" клубының түлегі және 2019 жылдан бастап негізгі командада ойнай бастады. Өткен жылдан бастап ол Франция құрамасына шақыртылды, бірақ көбіне жастар құрамасында ойнайды. Өткен маусымда жартылай қорғаушы Франция чемпионатында 35 матч өткізіп, бір гол мен екі нәтижелі пасты өз еншісіне жазды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×