Бразилия Америка Кубогінің финалына шықты

06.07.2021, 13:42
Екінші финалист ертең таңертең анықталатын болады.
Бразилия Америка Кубогінің финалына шықты

Рио-де-Жанейродағы (Бразилия) "Олимпико Нильтон Сантос - Энженьян" стадионында Америка Кубогінің бірінші жартылай финалдық кездесуі өтті, онда Бразилия құрамасы Перуді қабылдады. Кездесу 1:0 есебімен алаң иелерінің пайдасына аяқталды.

Бұл ойындағы жалғыз гол 35-минутта соғылды. Лукас Пакета Неймардың берген пасын ашық қақпаға дәл бағыттап, матчтың нүктесін қойды. ПСЖ шабуылшысы Неймар осы матчтың үзжік ойыншысы деп танылды.

Финалға шығатын екінші команда сейсенбіден сәрсенбіге қараған түні болатын Аргентина мен Колумбия құрамалары арасындағы матчта анықталады. Ойын Нұр-Сұлтан уақытымен 07:00-де басталады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×