«Қайрат» даниялық футболшы үшін күресте голландиялық клубқа жол берді

06.07.2021, 17:40
«Қайрат» бұл футболшы үшін 1,3 миллион еуро төлеуге дайын болған.
«Қайрат» даниялық футболшы үшін күресте голландиялық клубқа жол берді

24 жастағы «Динамо Киевтің» даниялық ойыншысы Миккель Дуэлунд «Қайратқа» ауысуы мүмкін, деп хабарлайды «footballtransfer.com.ua» сайты.

Порталдың хабарлауынша, алматылық «Қайрат» Чемпиондар лигасына іріктеу кезеңінің алдында құрамды күшейту мақсатында ойыншыға белсенді түрде қызығушылық танытқан.

Сондай-ақ алматылық клубтың Миккель Дуэлунд үшін 1,3 миллион еуро төлеуге дайын екені хабарланды. Бірақ бұл ұсыныс «Динамо» клубының басшылығына сәйкес келмеді.

Шабуылдаушы жартылай қорғаушы 2018 жылдың жазынан бастап «Динамо» сапында өнер көрсетуде. Осы уақыт ішінде Миккель киевтік клуб үшін 26 матч өткізіп, үш гол соқты.

Футболшы голландиялық НЭК клубына ауысып үлгерді. Дуэлунд ол жерде жалдау шарты бойынша ойнайтын болады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×