Алексей Щеткин ресейлік клубтағы дебюттік матчында гол соқты

20.09.2022, 16:18
Шабуылшыға дебюттік голын соғу үшін 59 минут жеткілікті болды.
Алексей Щеткин ресейлік клубтағы дебюттік матчында гол соқты

Краснодарлық «Кубань» ФНЛ аясындағы ойында өз алаңында «Арсенал Туланы» 2:1 есебімен ұтты.

31 жастағы қазақстандық шабуылшы Алексей Щеткин «Кубаньның» негізгі құрамында шығып, 59-минутта краснодарлық клубтағы дебюттік голын соқты. Жеңіс голын өз еншісіне жазған шабуылшы 73-минутта алаңдағы орнын командаласына босатып берді.

Щеткин «Кубаньмен» осы айдың басында келісім-шартқа отырған еді. Бұған дейін ол волгоградтық «Ротордың» намысын қорғаған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×