Георгий Кондратьев: «Соңғы ойында біз қазақтардан мықты болдық»

20.09.2022, 16:35
Алдағы ойында шабуылға көп мән береміз дейді Беларусь құрамасының бас бапкері.
Георгий Кондратьев: «Соңғы ойында біз қазақтардан мықты болдық»

Беларусь құрамасының бас бапкері Георгий Кондратьев УЕФА Ұлттар лигасында Қазақстанмен болатын матчқа дайындығы туралы айтты, деп хабарлайды АБФФ ресми сайты.

- Соңғы ойында біз барлық көрсеткіштер бойынша қазақтардан асып түстік: соққылар, бұрыштамалар, допқа иелік ету... Бұл жолы да шабуылда ойнаймыз, біздің команданың жеңетіндей шамасы бар. Мен оларға қалай сенсем, жігіттер де өздеріне дәл осылай сенімді болса, бәрі ойдағыдай болады.

– Ұлттық құрамаға келген легионерлер өздерін қалай сезінеді?

– Олардың жағдайы жақсы деп нақты айта аламын. Олармен болған әңгімеге және біздің мамандардың талдауына қарағанда, жігіттер функционалдық жағынан матчқа дайын. Командада Қазақстан чемпионатының ойыншылары бар - бұл Эбонг, Поляков және Юденков. Олар бұл ойында маңызды рөл атқарады, өйткені аты аталған футболшылар Астанадағы алаңды жақсы біледі. Бұл жігіттердің тәжірибесі бізге пайдасын тигізеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×