«Манчестер Юнайтед» португалиялық шабуылшымен толығуы мүмкін

20.09.2022, 19:22
Марсьяль мен Рэшфорд жарақатына байланысты қатардан шығып қалды.
«Манчестер Юнайтед» португалиялық шабуылшымен толығуы мүмкін

«Манчестер Юнайтедтің» бас бапкері Эрик тен Хаг «Бенфика» шабуылшысы Гонсало Рамушты өз командасында көргісі келеді. Трансфер құны шамамен 28,5 миллион еуроға бағалануда, ал ойыншының келісім-шартындағы өтемақы құны 114 миллион еуроны құрайды, деп хабарлайды The Sun.

Дереккөздің айтуынша, тен Хаг Энтони Марсьяль мен Маркус Рэшфордтың жарақат алуына байланысты қысқы трансфер терезесінде жаңа шабуылшы алғысы келеді. Дәл қазіргі сәтте «Манчестер Юнайтедте» орталық шабуылшы позициясында тек Криштиану Роналду ғана бар.

21 жастағы Рамуш «Бенфика» сапында 2013 жылдан бері өнер көрсетіп келеді. Шабуылшы осы маусымда 12 ойында сегіз гол соғып, бес нәтижелі пас берді. Тараптар арасындағы келісім 2026 жылы аяқталады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×