Лука Модрич Хорватия құрамасындағы мансабын 2024 жылы аяқтамақ

20.09.2022, 22:47
«Алтын доп» иегері 2024 жылғы Еуропа чемпионатына қатысқысы келеді.
Лука Модрич Хорватия құрамасындағы мансабын 2024 жылы аяқтамақ

Хорватия құрамасының дәрігері Зоран Бахтиярович «Реал Мадрид» клубының жартылай қорғаушысы Лука Модричтің ұлттық құрамада 2024 жылға дейін ойнау туралы шешім қабылдағанын айтты. Еске салайық, қыркүйек айының басында Лука 37 жасқа толған еді.

«Отыз жыл - ұзақ уақыт, мен Модрич пен сол буындағы ойыншылардың ұлттық құрамамен қоштасқан кезінде кетуді жоспарлаған едім. Алайда Лука 2024 жылға дейін ойнау туралы шешім қабылдады, маған ол уақытқа дейін күту қиын болады. Алайда, жаттықтырушыдан Катардан мен үшін бір медаль алып келуін өтіндім», - деді Бахтиярович.

Зоран Бахтиярович 1992 жылдан бастап Хорватия құрамасында жүмыс істеді. Қазір ол УЕФА медициналық бөлімінің бастығы қызметіне тағайындалды.

Айта кетейік, Модрич Хорватия сапында 2006 жылдан бері ойнап келеді (152 матч, 22 гол).

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×