«Челси» Ромелу Лукакудың орнына Гарри Кейнді алғысы келеді

20.09.2022 18:30 АПЛ

«Челсидің» жаңа бапкері ағылшын футболшысына қызығушылық танытуда.

«Челси» Ромелу Лукакудың орнына Гарри Кейнді алғысы келеді

«Тоттенхэм Хотспур» шабуылшысы Гарри Кейн «Челсиге» ауысуы мүмкін, деп хабарлайды Calciomercato.

«Челсидің» жаңа бас бапкері Грэм Поттер 29 жастағы ағылшын футболшысының өз командасына қосылғанын қалайды. Кейннің орнына «аристократтар» қазір «Интерге» жалдау шарты бойынша ойнап жүрген Ромелу Лукакуды ұсынуға дайын.

Кейн осы маусымда Премьер-лигада 7 ойынға қатысып, 6 гол соқты, 1 нәтижелі пас берді. Бірақ Чемпиондар лигасының екі ойынында шабуылшы нәтижелі әрекеттерімен көзге түспеді.

Transfermarkt порталы ойыншының құнын 90 миллион еуроға бағалап отыр.

0 пікір