Алексей Щеткин «Ротор» сапындағы кезекті голын соқты

06.11.2021, 18:13
Бұл оның осы маусымдағы үшінші голы.
Алексей Щеткин «Ротор» сапындағы кезекті голын соқты

Волгоградтық «Ротор» ФНЛ-дің 21-турында сырт алаңда «СКА-Хабаровск» командасынан 1:3 есебімен жеңіліп қалды.

30 жастағы қазақстандық шабуылшы Алексей Щеткин негізгі құрамда шығып, толық ойын өткізді. 12-минутта футболшы матчта есеп ашып, биылғы маусымдағы үшінші голын соқты.

Айта кетейік, Щеткин Қазақстан құрамасының қараша айында Франция мен Тәжікстанға қарсы өтетін ойынына шақырту алмады.

Қазіргі уақытта «Ротор» 24 ұпай жинап, турнирлік кестеде 13-ші орында тұр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×