Хави: «Талаптар барынша жоғары болады»

06.11.2021, 18:02
«Барселонаны» бұрынғы деңгейіне қайтарамын дейді Хави.
Хави: «Талаптар барынша жоғары болады»

«Барселонаның» жаңа бас бапкері Хави каталондық клубқа қайта оралуы туралы пікір білдірді.

«Біз 100 пайызға беріліп, жұмыс істейтін боламыз. Өйткені, бұл «Барселона», әлемдегі ең жақсы клуб және мұндай клуб әрқашан жеңуі керек. Тең нәтиже мен жеңіліске жол берілмейді. Сондықтан талаптар барынша жоғары болады. Мен «Барселона» ойыншыларын бақытты етуге тырысамын. Бізге көп жұмыс істеу керек, бірақ біздің мақсатымыз айқын – бұл жеңіс.

Мен шынымен бақыттымын. Бұл менің мансабымдағы ең үлкен және маңызды сынақ және мен өз үйіме, яғни «Барселонаға» оралдым. Бұл өлшеусіз бақыт. Әркім өз жұмысын істеуде. «Барселонаға» сенім білдіргені үшін алғыс айтамын. Дохаға клуб өкілдері келді, «Аль-Саддпен» келісім-шарт бұзылды, әркім өз үлесін қосты. Барлығы жақсы аяқталды, мен клубқа өте ризамын», - деп келтіреді Mundo Deportivo Хавидің сөздерін.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×