Алексей Шпилевский: «Бір ұпайға да қанағаттану керек»

15.04.2021, 21:33
«Қайрат» келесі турда «Тобылмен» кездеседі.
Алексей Шпилевский: «Бір ұпайға да қанағаттану керек»

«Қайраттың» бас бапкері Алексей Шпилевский «Каспиймен» өткен ойын (1:1) туралы өз пікірімен бөлісті:

- Бір ойыншымыздың қызыл қағаз алғанын ескерсек, футбол ойнаудан қорықпайтын мықты қарсыласпен болған матчта бір ұпай алғанымызға қанағаттануымыз керек деп ойлаймын. Бізде ойынға арналған жоспар болды, бірақ, өкінішке орай, бірінші таймда біз қалаған қысымды көрсете алмадық. Бұл әртүрлі факторларға байланысты: жаңа алаң, климаттық жағдайлар, бірақ бұл ешқандай да сылтау емес. Оның үстіне, біздің командадағы көшбасшы жігіттердің де ойыны жүрмеуде, олар қарапайым қателкті көп жіберді.

Қазір көпшілік алдында қорытынды жасағым келмейді, өйткені айтқанымның бәрі сылтау сияқты көрінуі мүмкін. Жағымсыз кезеңдер, осындай матчтар сізді ойлануға мәжбүр етеді. Біз жеке қателікке байланысты гол жіберіп алдық, содан кейін қызыл қағаз көрсетілді. Ойыншымыз алаңнан қуылғаннан кейінгі жауапкершілік он бір адаммен ойнағаннан гөрі жақсы болды деп санаймын және біз гол соға алдық. Қарсылас жақсы ойнады және бір ұпайға да қанағаттану керек. Әрине, көңіліміз түсті және міндетті түрде қорытынды жасауымыз керек, өйткені төрт күннен кейін бізді «Тобылға» қарсы маңызды матч күтіп тұр. Бұл ойында үш ұпай еншілеуге тырысамыз.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×