«Реал Мадрид» Чемпиондар Лигасының рекордын жаңартты

15.04.2021, 19:23
Мадридтік клуб жартылай финалда «Челсимен» кездеседі.
«Реал Мадрид» Чемпиондар Лигасының рекордын жаңартты

УЕФА Чемпиондар лигасының ширек финалының жауапты матчында "Ливерпуль" "Реал Мадридпен" тең ойнады. Кездесу Ливерпульдегі (Англия) "Энфилд" стадионында өтіп, 0:0 есебімен аяқталды.

OptaJose порталы хабарлағандай, "Реал Мадрид" Чемпиондар Лигасының жартылай финалында 14-ші рет ойнағалы жатыр, бұл турнир тарихындағы рекордтық көрсеткіш. Осылайша, мадридтік клуб өзі орнатқан рекордты қайта жаңартты. "Барселона" мен "Бавария" УЕФА Чемпиондар Лигасының жартылай финалында 12 реттен ойнаған.

6 сәуірде Мадридте (Испания) өткен алғашқы кездесуде 3: 1 есебімен "Реал Мадрид" жеңіске жеткен еді. Зинедин Зидан шәкірттері жартылай финалда лондондық "Челсиге" қарсы ойнайтын болады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×