Елдос Ахметов: «Көшбасшылармен теңесетін тамаша мүмкіндікті пайдаланғымыз келді»

15.04.2021, 17:47
«Тараз» турнирлік кетеде үшінші орынға жайғасты (11 ұпай).
Елдос Ахметов: «Көшбасшылармен теңесетін тамаша мүмкіндікті пайдаланғымыз келді»

«Тараз» клубының қорғаушысы Елдос Ахметов клубтың баспасөз қызметіне «Тұранмен» өткен ойын туралы пікір білдірді:

- Елдос, жеңіс құтты болсын! Ойынды қалай бағалайсың?

- Жеңіл матч болған жоқ. Дегенмен қажетті нәтижеге қол жеткіздік. Ойынның бірінші кезеңінде есеп ашатын мүмкіндіктеріміз болды. Алайда оларды пайдаға жарата алмадық. Қалай десек те жеңіс біздің қоржында.

- Жалпы «Тараздың» ойын мәнері туралы не айтасың?

- Қазір команданың рухы мықты. Бапкерлер мен ойыншылар бір-бірін жақсы түсінеді. Жаттығуда да, ойын кезінде де соңына дейін бар күшін салады. Бұл өте маңызды. Тағы назар аударатын жағдай, біз әрі ойында алаңға шын мәнінде жеңіске жету үшін шығамыз.

- Ойынның аяқталуына 15 минут қалғанда тең нәтижеге мойынсұндың ба әлде жеңіске деген сенім болды ма?

- Мойынсұнғымыз келмеді. Бізде турнир кестесіндегі көшбасшылармен теңесетін тамаша мүмкіндік барын сезіндік. Оны жіберіп алмауды ойладық. Гол соқпастан бұрын ойында аздаған үзіліс болды, сол кезде бір-бірімізді «жігіттер, гол соғайық» деп желпіндірдік.

«ТАРАЗ» КФК БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×