«Қайраттың» бас бапкері Алексей Шпилевский клубтың баспасөз қызметіне берген сұхбатында команданың алдағы маусымдағы мақсаттары, оқу-жаттығу жиындарындағы жұмысы туралы айтып, жаңа ойыншыларды қатарға қосу туралы әңгімеледі.
- Демалысыңыз қалай өтті?
- Мен отбасыммен Германияда ата-анамның үйінде болдым. Қызымызды атасы мен әжесіне көрсеттік. Мен өткен маусымды талдап, өзім үшін жаттықтырушылар құрамымен маусымды қорытындыладым.
- Команда алғашқы оқу-жаттығу жиынын қашан бастайды?
- Жігіттер медициналық тексерістен өтті. Кейбіреулері әлі демалыста, ал кейбіреулері бүгін таңертең келді. Мен бәріне берілген «үй тапсырмасын» орындағаны үшін қуаныштымын. Олардың тапсырған тесттері мұны қаншалықты орындағанын дәл көрсетеді, бірақ субъективті түрде олардың тынығып қана қоймай, физикалық тұрғыдан жұмыс жасағаны анық.
- Сіз оларға қандай жаттығулар жасауды тапсырдыңыз?
- Жалпы алғанда, бұл допсыз жұмыс жасауға арналған жаттығулар болды. Барлығы физикалық жағдайына байланысты жаттығулар алды. Олар осы жоспарға сәйкес жүгіру жұмыстарымен айналысты. Олар өз формаларын жоғалтпау үшін функционалды дайындықпен, түрақтылықты сақтау бойынша жұмыс істеді.
- Бірінші оқу-жаттығу жиынында жаттықтырушылар құрамы қандай мәселеге назар аударады?
- Оқу-жаттығу жиыны Алматыда 26 қаңтарға дейін өтеді. Мұнда жаттығуға барлық жағдай жасалған. Медициналық тексерістер мен сынақтардан кейін бірінші апта жаттығусыз өтті. Екінші аптада жаттығу жұмыстарына кірістік және бұл апта оқиғаларға толы болды, біз күніне үш рет жұмыс істейміз. Содан кейін екі күн тынығып, физикалық, тактикалық және техникалық тұрғыдан дайындалатын Түркиядағы оқу-жаттығу жиынына ұшамыз. Бірлік - жаттығу жиынындағы ең басты фактор, сондықтан біз қайтадан бір команда боламыз. Әрине, командаға жаңа ойыншылар қосылатын болады. Жақында жаңа ойыншылар келеді деп үміттенемін және олар осы тамаша командаға тезірек бейімделеді. Біздің өткен жылғы жетістіктерге жетуіміздің себебі тек тактикада емес, сонымен бірге біздің команданың бірлігінде деп бірнеше рет айтқан болатынмын. Дайындықтың өзі осы екі айда ғана емес, бүкіл жыл бойы өтеді. Біз жоғары деңгейге көтерілгіміз келеді.
- Конрад Вржещиньскийдің командадан кетуіне байланысты оның позициясы бос қалды. Клубтың басымдығы - легионер ме, әлде жергілікті ойыншы ма?
- Егер бұл легионер емес, қазақстандық ойыншы болса, әрине, керемет болады. Бірақ бұл біздің деңгейге сәйкес келуі керек. Биыл біздің еурокубоктің негізгі кезеңіне өтуге тамаша мүмкіндігіміз бар. Әрине, біз нағыз футболшылар, нағыз кәсіпқойлар мен жұлдызды ойыншылар өнер көрсететін жерге жетуге тырысамыз. Бұл біздің басты мақсатымыз болады. Біз дайындаламыз, жаттығамыз. Сондықтан жаңа ойыншы біздің футболға жаңа сапа қосуы керек. Ойыншының жас болғаны дұрыс, сондай-ақ біз оны дамытып, басқа командаға сататындай болуымыз керек. Ол біздің команданы тек өз мансабын аяқтайтын клуб емес, трамплин ретінде қарастырсын. Вагнерді бұл тізімге қоса алмаймыз, өйткені ол өзінің жасында да өте жақсы футболшы, физикалық тұрғыдан толықтай дайын.
- Өткен маусымда клубтың көптеген тәрбиеленушілері Премьер-лигадағы дебютін жасады. Олар алдағы оқу-жаттығу жиынында мүмкіндік ала ма?
- Иә, бұлар соңғы матчтарда ойнаған балалар. Біз "Қайрат-Жастардың" жаттықтырушылар құрамымен кімді бақылауға болатыны туралы талдау жасадық. Олардың көпшілігі алғашқы күннен бастап бізбен бірге жаттығуды бастайды. Барлығы олардың қолында және өздеріне байланысты. Мен олардың кейбіреуіне сенім артамын. Мысал ретінде Беларуссия чемпионатынан келген сол Гүлжігіт Алықұловты айтуға болады. Оны ешкім білмеді және ол маусымды өте жақсы өткізді. Сондай-ақ, ол осы жылы алға қарай қадам жасауы керек. Біздің жігіттердің бірі дәл осы жолмен жүре алады деп үміттенемін.
- Осы оқу-жаттығу жиындарында жолдастық кездесулер жоспарланған ба?
- Ия, олар міндетті түрде болады. Жалпы, біз Түркияда 11 жолдастық кездесу өткізуді жоспарладық. Қарсыластар әлі анықталмады. Пандемияға байланысты жағдайды ескере отырып, көбісі Түркияға бармайды. Біз ұйымдастырушылармен күн сайын байланыста боламыз. Аптаның соңында біз кіммен ойнайтынымызды нақты білеміз деп үміттенемін.
Біздің серіктес: FONBET