Әлем чемпионатында қайғылы жағдай орын алды

Әлем чемпионатында қайғылы жағдай орын алды


Уэльс ұлттық құрамасының жанкүйері мундиальда жан тапсырды.


62-жастағы жанкүйер ӘЧ баласымен келген екен. Ол Иранға қарсы ойынға барғалы жатқанында өзін жайсыз сезінеді. Көмекке жеткен жедел жәрдем қызметкерлері қолдарынан келген барлығын жасапты. Алайда, жанкүйер ес жимастан қайтыс болады. 


"Қайғылы жағдайды естіп қабырғамыз қайысып отыр. Біз Уэльс футбол ассоциациясы бақилық болған азаматтың отбасына көңіл айтамыз. Қашанда болсын қолдауға дайынбыз".


Айта кететіні, Уэльс Иран құрамасынан 2:0 есебімен жеңілген болатын. Ирандықтар екі голды қосымша минутта салған еді.

0 пікір