Аустралияның жартылай қорғаушысы Гудвин Данияға қарсы ойын жайлы пікір білдірді

Аустралияның жартылай қорғаушысы Гудвин Данияға қарсы ойын жайлы пікір білдірді


Аустралия ойыншысы Крейг Гудвин алдағы келе жатқан матчқа тыңғылықты дайындалуды бастап кеттік дейді.


"Дания құрамасында қауіпті ойыншылар жетерлік. Бұл ұжымның барлық футболшылары танымал. Біз даттықтарды терең зерттедік. Келер ойында біздің жеңіске жетуіміз 50/50. Ал бүгіндікке біз өз мақсатымызға жеттік. Жақсылап демалып, қайтадан алға ұмтыламыз".


Аустралия Данияға қарсы кездесуді 30 қарашада өткізеді.


Кенгуру елі 2 ойын қорытындысы бойынша 3 ұпай жинап, топта екінші орында келеді.

0 пікір