Әлем футболындағы елеулі жаңалықтар

08.06.2015, 01:11
Әлем футболындағы елеулі жаңалықтар
"Аладоп" футбол әлеміндегі соңғы жаңалықтар топтамасын назарларыңызға ұсынады. "Милан" командасының вице-президенті Адриано Галлиани агент  Мино Райолa арқылы "ПСЖ" командасының шабуылшысына Златан Ибрагимовичке 3 жылдық келісім шарт ұсынды. "Қызыл қаралар" швед шабуылшысы үшін жылдық табысы 6,5 млн евро төлеуге дайын. Қазірдің өзіңде Ибра "ПСЖ" сапындағы жылдық табысы 14 млн евро. Бірақ "россонерилер" шабуылшының келісім шарт ұзақтығын ескере отырып, шешім қабылдайтынына сенімді. Естеріңізге сала кетсек Златан "Милан қатарында" екі маусым доп тепкен болатын. (2010-2012) Барлығы 85 рет алаңға шығып, 56 рет қақпадан саңылау таба білген. Ал, биылғы маусымда, париждіктердің сапында 36 рет алаңға шығып, 30 допты өз есебіне жазған болатын. ------------------------------------------------------------------------------------------------------------------- "Вольфсбург" клубының жартылай қорғаушысы Кевин де Брюйне "қасқырлар" қосынынан кетуі ықтимал екенін мәлімдеді.
-Командадан кету жағдайларын клубпен бірге шешім шығару керек. Мен ешқандай да түсініспеушіліктерді қаламаймын. Барлығының өз уақыты бар.  Менің нақтылы шешімдерім жоқ. Бірақ Ресей немесе Италия командаларының сапына қосылматыныма 95 % ға сенімдімін. Менің ойынымыз  олармен үйлеспейді.Ал Англия, Испания, Франция, Германия клубтарының ойын мәнері сай келеді.
Кевин Де Брюйне 2014 жылдың қаңтар айында 22 млн евроға "Челсиден" "Вольфсбург" сапына өткен болатын. Биылғы маусымда белгиялық жартылай қорғаушы 51 матчқа қатысып, 16 рет қақпа торын тулатып, 21 рет әріптесіне сәтті пас асырып берген екен. ---------------------------------------------------------------------------------------------------------------------- "Интердің" жартылай қорғаушысы Матео Ковачич спорттық мансабын Англияда жалғастыруы мүмкін. Хорватияның 21 жасар хавбегі Ливерпульмен жекелей келісімдер жүргізіп қойған екен. Бірақ қос клуб үшін трансфер келісімінің ауылы алыс көрінеді. "Ливерпуль" Ковачич үшін 21 млн евро ұсынған екен, бірақ "Интер" ұсынылған ақшаны азсынуда. Ковачич А сериясында 35 матчқа қатысып, 4 гол және 5 голдық пас шығарыпты. --------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------- "Манчестер Юнайтед" Харри Кейн үшін 70 млн евро және үш ойыншы қосып беруге даяр. Ағылшындық клубтың басшылығы "Тоттенхемнің" шабуылшысы Харри Кейн үшін 70 млн евро және  мына:  Нани,  Аднана Янузая, Хавьера Эрнандес қосып беруге дайын екенін жеткізуде. Бұл жайлы Goal.com. сайты хабарлап отыр. Ұсыныс алдағы күндерде жасалынады деп күтіліп отыр. "МЮ"-дің бас бапкері Луи ван Гал 21-жасар шабуылшының маусымдағы үздік ойынынан кейін көз тігіп отыр. Кейн биыл "Тоттенхэмнің" сапында 51 ойын өткізіп, 30 голдың авторы атанды. Айта кету керек Кейннің "қораздармен" келісім шарты 2020 жылға дейін жасалған.   Дайындаған: Нұрбол Арнабек
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×