Әлем футболындағы соңғы трансферлер

09.07.2021, 04:51
Көптеген клубтар еркін агент атанған футболшыларды қатарға қосуда.
Әлем футболындағы соңғы трансферлер

Еуропада трансферлік терезенің ашылғанына көп уақыт өткен жоқ. Келісім-шарты аяқталған футболшылар жаңа клубтарына еркін агент ретінде қосылуда. Ал қаржысы аздау клубтар ойыншыларды жалға алуда. Соңғы екі үш-күнде орын алған трансферлерге тоқтала кетейік:

• "Реал Мадридтің" бұрынғы қорғаушысы Серхио Рамос ПСЖ клубына ауысты. Испаниялық футболшы жаңа командасымен екі жылдық келісім-шартқа отырды.

• "Баварияның" жартылай қорғаушысы Хави Мартинес "Катар СК" клубының ойыншысы атанды.

• Түркиялық "Адана Демирспор" командасы Италия құрамасының экс-шабуылшысы Марио Балотеллиді қатарға қосты. Келісім-шарт мерзімі - 3 жыл.

• Германия құрамасының даңқты шабуылшысы Лукаш Подольски польшалық "Гурник Забже" клубымен келісім-шарт жасасты. Футболшы кәсіби мансабын дәл осы клубта бастаған болатын.

• "Лидс Юнайтед" "Барселонаның" қорғаушысы Хуниор Фирпоны сатып алды. Трансфер құны - 15 миллион еуро.

• "Марсель" "Арсеналдың" 22 жастағы жартылай қорғаушысы Маттео Гюэндузиді жалға алды. Франциялық клуб бір жылдын кейін футболшыны сатып алу құқығына ие болады.

• "Атлетико Мадрид" "Флуминенсенің" 20 жастағы португалиялық футболшысы Маркос Пауломен толықты. Келісім-шарт 5 жылға есептелген. Ал мадридтік клуб ойыншы үшін бір тиын төлемеді.

• "Вулверхэмптон" "Барселонаның" 21 жастағы жартылай қорғаушысы Франсишку Тринканмен келісім-шарт жасасты. Футболшы "қасқырлар" сапында бір маусым бойы жалдау шарты бойынша өнер көрсетпек. 

• "Романың" 23 жастағы шабуылшысы Дженгиз Ундер мансабын Францияда жалғастырады. Олимпиктік "Марсель" түркиялық футболшыны жалға алды. 

• "Эйбардың" 29 жастағы қақпашысы Марко Дмитревски еркін агент ретінде "Севильяға" қосылды. Келісім-шарт мерзімі - 4 жыл. Айта кетейік, сербиялық қақпашы осы маусымда "Атлетико Мадрид" қақпасына пенальтиден гол соққан еді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×