Жоао Пауло мен Ян Вороговский «Маккабимен» өтетін жауапты матчқа қатыса алады

09.07.2021, 01:10
«Қайрат» екі ойыншыны да жаңа тізімге қосып үлгерді.
Жоао Пауло мен Ян Вороговский «Маккабимен» өтетін жауапты матчқа қатыса алады

Бүгін бірқатар спорттық басылымдар "Қайраттың" жаңа футболшылары Ян Вороговский мен Жоао Паулоның "Маккаби Хайфаға" қарсы өтетін жауапты матчқа қатыспайтынын жарыса жазған болатын.

УЕФА-ның ресми сайтында келтірілген ережеге сәйкес, іріктеу кезеңі мен плей-офф кезеңінде клуб А тізіміне ең көп дегенде екі жаңа ойыншыны тіркей алады. Клуб мұндай тіркеуді бірінші матчтың басталуына бір күн қалғанға дейін аяқтауы керек және клуб қауымдастығы жаңа ойыншының халықаралық деңгейде ойнауға құқылы екенін жазбаша растауы қажет.

Ал егер осындай жаңа ойыншыны тіркегеннен кейін А тізіміндегі ойыншылардың саны 25-тен асып кетсе, клуб құрамды қайтадан 25 ойыншыға дейін қысқарту үшін артық ойыншыларды алып тастауы керек. Әр клуб В тізіміне қанша ойыншыларды тіркесе де өзі біледі. Бастысы - тізім қаралып жатқан матчтан бір күн бұрын орталық Еуропаның уақыты бойынша сағат 24:00-ден кешіктірілмей ұсынылуы керек.

Осылайша, алматылық "Қайрат" командаға қосылған жаңа екі ойыншыны да тізімге қосып үлгерді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×