«Тараз» Қазақстан құрамасының қорғаушысымен толықты

08.07.2021, 23:40
Тимур бұған дейін де жамбылдық клубтың намысын қорғаған.
«Тараз» Қазақстан құрамасының қорғаушысымен толықты

"Ордабасы" мен Қазақстан құрамасының қорғаушысы Тимур Досмағамбетов "Тараз" ойыншысы атанды, деп хабарлайды жамбылдық клубтың баспасөз қызметі.

Тимур Досмағамбетов 1989 жылы 1 мамырда Көкшетау қаласында өмірге келген. Көкшетау футбол мектебінің түлегі 2007 жылы "Ақсу" (Степногорск) сапында кәсіби мансабын бастады. Әр жылдары "Ақсу", "Оқжетпес", "Ақтөбе", "Восток", "Тараз", "Тобыл", "Ордабасы" командаларында ойнаған. 

Тимур ағымдағы маусымда 17 матчқа қатысып, бір гол соқты, үш нәтижелі пас берді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×