Бақтияр Байсейітов: «Қазір бастысы клубты сақтап қалып, чемпионатты лайықты түрде аяқтауымыз қажет» 

08.07.2021, 17:06
Бақтияр мырза команданың павлодарлық «Ертістің» күйін кешпейтініне кепілдік берді.
Бақтияр Байсейітов: «Қазір бастысы клубты сақтап қалып, чемпионатты лайықты түрде аяқтауымыз қажет» 

«Ордабасы» президенті Бақтияр Байсейітов клубтың баспасөз қызметіне берген сұхбатында клубтағы мәселелер мен осы маусымдағы қаржының қысқаруының нәтижесінде пайда болған қиындықтар жайлы әңгімеледі.

- Бақтияр Даниярұлы, командадан үздік ойыншылар кетіп жатыр, жалақы төленбеуде және бюджет бөлінбей жатыр. Қазіргі сәтте клубтың жағдайы қалай?

- Иә қазір клубтың жағдайы қиын. Бюджеттің қысқаруына байланысты, біз қазір шығындарды оңтайландырудамыз. Футболшылармен олардың келісім-шарттарына байланысты келіссөздер жүргізіп, олардың жұмысқа тұру нұсқаларын қарастырудамыз. Футболшыға екі айдан астам уақыт жалақы төленбесе ол УЕФА-ға арыз тастай алатыны бәріне белгілі. Бұл жағдайда өзге қазақстандық командада болғандай, клуб айыппұл төлейтін болады және чемпионаттағы ұпайларын алып тастайды. Біз бұрындары да жалақыларды кешіктіргенбіз, бірақ ол кезде біз футболшыларға еңбек ақыларының кейін толықтай төленетініне кепілдік бере алдық, ал бүгін өкінішке орай, біз бұлай жасай алмаймыз, сол себепті басқа амал жоқ.

Бүгінгі таңда біз футболшыларға 3 ай бойы айлық төлемедік, сол үшін жалақысын қысқартқысы келмейтін ойыншыларға басқа клубтардың нұсқаларын қарастырудамыз. Ал бұл жағдайды қабылдай алатын ойыншылар командада қалады. Александр Седневқа келсек, ол клубтағы жұмысын жалғастырады, оның жастармен жұмыс істегенді жақсы көретініне байланысты, командамызда бәсекелестік арта түседі деп сенеміз. Қазіргі таңда командадан 5 футболшы кетті:

Жоао Пауло «Қайратқа», Бриджидо мен Қайыров «Тобылға», Трофимец «Шахтерға» ауысты және Досмағамбетов өзге ҚПЛ клубтарының ұсыныстарын қарастыруда. Команданың өзге жерлерге ұшуы мен тұруынан бөлек, біз Нұр-Сұлтанда «Астанамен» өткен матчқа қарыз арқылы бардық. Біз демеушілерге барып, команданы қолдауларын сұрадық, алайда өкінішке орай біз бұл сұрақтарымызға жауап таба алмадық. Негізгі командадан бөлек бізде Екінші Лигада өнер көрсететін «Ордабасының» жастар құрамасы бар екенін де ұмытпаған жөн, сонымен қатар жарыстары әртүрлі қалада болатын жас жеткіншектеріміздің де өз чемпионаттары бар. Мысалы, біз футбол орталығымыздың командасын кезекті бір жарыс кезеңіне жібермей қойсақ, лига негізгі команданың ұпайларын алып тастауы да мүмкін. Мен клуб президенті ретінде команданы сақтап қалу үшін барлығын жасаудамын. Шығынға батқан «Ертістің» жағдайына түсіп қалмау үшін тырысамын. Біз оңтайландыру процесін қосып, қаржылық қиындықты жеңілдету үшін ойыншыларды басқа клубтарға жіберуге мәжбүр болдық. Егер біз оларды сақтап қалғанда, ойыншылар тарапынан өте үлкен талаптар болар еді және бұл тығырықтан шығу қиынға соғатын еді, онымен қоймай бұл клубтың және қазақстандық футболдың беделіне үлкен нұқсан келтіретін еді.

- Чемпионаттың қызған сәтінде клубтың қаржысыз қалғаны қалай?

- Чемпионат басында бізге бір бюджет уәде етілген, бірақ сосын оны да қысқартып тастады.

Біздің бірнеше жыл бойғы несиеміздің бооуына байланысты, есепшотымызға түскен ақшаның 1,3 миллиардын бірден қарызды жабуға жұмсадық және біздің бюджетті тағы да қысқартып тастады. Мысалы, өткен маусымда чемпионат Алматыда өткенде біз уәде етілген қаражаттарды күттік, бірақ пандемиялық жағдайды айтып, соңғы сәтте бізге ештеңе де бермеді. Ал біздің футболшылар мен бапкерлік штабтың, өзге де жұмысшылардың алдында төрт айлық қарызымыз бар. Кейіннен бізге келесі жылға 3,5 млрд бөлеміз деп жария салды, мен жабылуы тиіс қарыздардың барына байланысты келістім.

Біз қарыздарымызды жаптық және қалған ақша тек наурыз айына дейін жетеді. Бұрын жарияланған 3,5 миллиардты тағы 1,5 миллиардқа қысқартты. Біз негізі чемпионат басында-ақ қаржыландырусыз қалдық. Меніңше, негізгі себеп - бұл бюджеттің өзгеруі, басында басқа соманы айтып, қорытындылап келгенде мүлдем бөлек сомаға ие болдық. Мен кәсіпқой футбол клубтарының бюджетін қысқарту жайлы жеке тоқталғым келеді. Менің ойымша, мұндай шешімді жағдайды білмей жатып, тез қабылдау дұрыс емес. Бұл шешімдерді алдымен клубтарға сараптама жасап, 2-3 жылдан соң ғана жаңа ережелерге көшуді бастау керек. Ал қазір біздің бюджетті қысқартып тастады, сонда екі жылға келісім-шартқа отырған футболшыларымызды не істейміз? Ойыншының келісімінде барлығы жазылып қойған ғой, біз оған қаржымыз қысқарды, сен келіс деп айта алмаймыз. Оның УЕФА-мен қорғалған кәсіби еңбек-шарты бар, оның сол ұйымға барып, жағдайын айтуына толық құқығы бар және олар екеуі де өздерінің істерін растай алады, ал бұл клубты үлкен шығындарға апарады, онымен қоса Еуропада жаман атты боламыз, бізге онсызда жақсы ойыншылар қосылмайды. Міне осы жылы біз қаржылық демеу алып, Түркияға оқу-жаттығу жиындарына бардық та, чемпионаттың басталуына дайындалдық, жаңа ойыншыларды қарастырдық, команда көшбасшыларымен де жаңа келісім-шарттарға отырдық. Ал үйімізге қайтқан сәтте біз бюджеттің тек 1,2 миллиард болатынын естідік. Ал енді не істейміз? Егер бұл қаржыландыру мәселесін қайта қарамаса, осы маусымда-ақ біздің команданың ізін қуушылар көп болары анық.

- Бұл тығырықтан шығудың қандай амалы бар деп ойлайсыз?

- Қазір Жоао Пауло, Бриджидо, Қайыров секілді футболшылар басқа командаларға кетуде. Бұл тез арада басқа клубтар сатып алған өте жақсы ойыншылар. Оларда қаражат бар, ал біздің Шымкентте жоқ. Бұл қалай болғаны? Өзге облыстарда әкімдер командаларын қолдайды, қаладағы үлкен кәсіпорындармен келісімдерге келуін қамтамасыз етеді, біздің Шымкентте де, елдің үшінші мегаполисінде әкімшілік бұл сұрақты шешуге көмектеседі деп үміттенемін. Футболдың жай ғана ойын емес екенін ұмытпаған жөн, бұл қалалық өмір мен оның тұрғындарына да әсер етеді. Егер командада мықты ойыншылар болмаса, біз қазақ футболын қалай көтермекпіз? Тек жергілікті футболшылармен ойнау мүмкін емес, құрамда мықты ойыншылар болуы қажет, мейлі шетелдік болсын немесе басқа болсын, жақсы бәсекелестік керек, жастар тәжірибелі ойыншыларға қарап бой түзеулері қажет. Бұл әлемдегі нөмірі бірінші спорт, миллиондар осы ойынның жанкүйері болып табылады.

- «Ордабасының» барлық жанкүйерлерін мазалаған сұрақ бар, шымкенттік команда да павлодарлық «Ертістің» күйін кешпейді ме?

- Жоқ, ешқашан. Менің басты тапсырмам қанша қиын болса да клубты сақтап қалу. Біз жақсы ойыншыларымызды сақтап қалуға тырысамыз, жергілікті және басқа өңірлердегі жастарды да қосамыз. Қазір бастысы клубты сақтап қалып, чемпионатты лайықты түрде аяқтауымыз қажет. Ал ары қарай соғыс өз жоспарын көрсетеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×