«Қайрат» пен «Маккаби» арасындағы жауапты матчқа жанкүйерлер қатыса алады

08.07.2021, 16:58
Үкімет өз кезегінде стадионды 50% -ға дейін толтыруға рұқсат берді
«Қайрат» пен «Маккаби» арасындағы жауапты матчқа жанкүйерлер қатыса алады

Чемпиондар лигасының бірінші іріктеу кезеңі аясында жергілікті «Қайрат» пен израильдік «Маккаби» Хайфа арасындағы қарымта кездесу көрермендердің қатысуымен өтеді, деп хабарлайды KazFootball.kz тілшісі.

Бұған дейін алматылық клуб үкіметтен қарымта матчқа стадионға жанкүйерлерді кіргізу туралы өтініш жасаған болатын. Ал үкімет өз кезегінде стадионды 50% -ға дейін толтыруға рұқсат берді.

Естеріңізге сала кетейік, Алматының Орталық стадионындағы «Қайрат» пен «Маккаби» арасындағы қарымта матч 14 шілдеде өтеді. Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 20:00-де басталады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×