ПСЖ Серхио Рамостың трансфері туралы ақпаратты әлеуметтік желіден алып тастады

08.07.2021, 16:38
Рамос париждік клубпен екі жылдық келісім-шарт жасасады.
ПСЖ Серхио Рамостың трансфері туралы ақпаратты әлеуметтік желіден алып тастады

"Пари Сен-Жермен" қорғаушы Серхио Рамостың трансфері туралы ақпарат жариялаған еді, бірақ көп ұзамай бұл жаңалық клубтың ресми сайтынан алынып тасталды, деп хабарлайды Goal басылымы. 

Бұл постта Рамостың париждік командада төртінші нөмірмен ойнайтыны, сондай-ақ қорғаушының шағын сұхбаты жазылған болатын.

Серхио маусымның соңында келісім-шарттың аяқталуына байланысты мадридтік клубтан кеткен еді. Ол "Реал Мадридте" 2005 жылдан бері ойнады. Және бес рет Испания чемпионы атанды, екі Кубок пен төрт Суперкубокті жеңіп алды, төрт рет Чемпиондар Лигасын жеңіп алды, УЕФА Суперкубогінің үш дүркін жеңімпазы және клубтық әлем чемпионатының төрт дүркін жеңімпазы атанды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×