Әлем футболындағы жаңалықтар

03.01.2014, 07:59
Әлем футболындағы жаңалықтар
1. Хуан Мата Испания ұлттық құрамасы мен лондондық Челсидің ойыншысы Хуан Мата жақын арада команда ауыстыруы мүмкін. Бұл ақпарат жөнінде "London Evening Standard" басылымы мәлімдеді. Матаға қызығып отқан клубтар көп. Олардың ішінде ПСЖ, Арсенал және Интер командалары өзара таласқа түсуде. Француздық ПСЖ басшылығы Хуан Мата үшін 30 миллион фунт стерлинг төлеуге дайын екендерін білдірді. 2.  Марио Манджукичке туриндік "Ювентус" көз салды Марио Манджукичке туриндік "Ювентус" көз тігіп отыр. Бавария басшылығы хорват шабуылшысының орнына дортмундттық Боруссияның ойыншысы Роберт Левандовскиді алуды ойластыруда. Бұл жөнінде  "Tuttosport" басылымы мәлімдеді. 3. Ағылшындық «Сток Сити» Уилсон Паласиосты испандық «Бетиске» сатуға дайын. Гондурас ұлттық құрамасының жартылай қорғаушысы «Сток Сити» сапында 33 ойын өткізіп үлгеріпті. Ал ұлттық құрама жейдесін 92 рет киіп, 5 рет қарсыластар қақпасына гол соққан. Wilson Palacios (Reuters) 4.  "Байер" италияндық  "Романың" футболшысы Майкл Брэдлиге қызығушылық білдіруде. Бұл жаңалық жайында "Gazzetta Dello Sport" баслымы жариялады. Брэдли 6,5 миллион евроға бағалануда. 5. "Шальке" американдық жартылай қорғаушы Джермейн Джонсты сатылымға шығарды. 32 жасар футболшы Шалькенің негізгі ойыншысы есебінде алаңға шығып жүр. Джонстың Шальке командасымен Катар жерінде өтетін оқу-жаттығу жиынына бармайтыны белгілі болды. Jermaine Jones von Schalke o4 nach dem Sieg gegen Nöttingen 6. Давид Луизды сатып алуға мюнхендік Бавария да талпыныс жасап көрмек. Команданың ардагер футболшысы Даниэль ван Бюйтен жарты жылдықта командадан кетуі мүмкін. Ян Кирхофф клуб ауыстырды, Хольгер Бадштубер болса жарақатынан әлі айыға алмағанын ескерсек, Пеп Гвардиолаға жаңа орталық қорғаушы керек-ақ. 7. "Аустрия" командасының жас қақпашысы Хайнц Лиднерді "Зенит" сатып алуға тырысып көрмек. Чемпиондар Лигасында керемет ойынымен көзге түскен Линдер Аустрия Бундеслигасында да үздік қақпашылардың бірі. 8.  Боруссия Мёнхенгладбах пен Германия ұлттық құрамасының қақпашысы Марк-Андре тер Штеген келер жылы жазғы трансферлік ауыс-түйіс барысында каталониялық Барселона командасының құрамын толықтырмақ. 21 жасар неміс қақпашысы «Камп Ноу» алаңында өнер көрсетеді деген ақпарат қазіргі кезде желдей есіп жүр. Виктор Вальдестің орнын басатын бірден-бір қақпашы деп болжаған мамандар тер Штегеннен мол үміт күтуде. 10 млн евроға бағаланған қақпашы Барселонамен 4 жылдық келісім-шарт жасаспақшы. Bild: Тер Штеген сменит Вальдеса в «Барселоне» - Футбол - Чемпионат Испании Тер Штеген өткен жылдың қорытындысы бойынша Германия Бундеслигасындағы ең үздік қақпашы атанған болатын.     Абылайхан ЖҰМАШ    
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×