Әлем футболындағы жаңалықтар

22.05.2014, 23:09
Әлем футболындағы жаңалықтар
Батыстың бұқаралық ақпарат құралдарына сенсек,  мюнхендік "Баварияның" жартылай қорғаушысы 24 жасарлық Тони Кроос, "Манчестер Юнайтед" командасына ауысу үшін қағаз жүзінде келісіп қойыпты. Ағылшындар Кроос үшін 20 миллион фунт стерлинг төлемекші. Бұл келісім жақын арада ресми бекітіледі. Барселона үшін бүкіл маусым сәтсіз болғандығы секілді, Маскерано үшін де маусым сәтсіз өтті. Маскерано карьерасын Италияның А Сериясында жалғастыруы мүмкін. Қызығушылық танытып отырған клуб "Наполи". Уақытында Маскеронамен бірге "Ливерпульдің" жеңісті күндерінде де, қиын күндерінде де бірге болған, сол команданың тізгінін ұстаған Рафа Бенитес аргентиналық жартылай қорғаушы-қорғаушыны неаполитандықтар сапында көргісі келеді екен. "Наполи" Маскерано жөнінде "Барселонаға" былтыр да ұсыныс жасаған, бірақ ол кезде католондықтар Маскераноның сатудан үзілді-кесілді бас тартқан болатын. ---------------------------------------------------------------------------------------------------------------------- "NBC Sports" каналының хабарлауынша, Луис Суарес ұлттық құрамамен жаттықтыру кезіңде жарақат алды. Дәл ертең тізесіне ота жасалады екен. Ал, дәрігерлердің айтуынша бұл жарақаттан адам организмі кем дегенде 1 айда жазылады. Бәрі жақсы бітті деген күннің өзіңде ғана. Әлем чемпионатының топтық турнирінде уругвайлық сұрмергенде көре алмаусымыз әбден мүмкін. ----------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------- "Портудың" шабуылшысы Хуан Мануэль Итурбе, бұл маусымда "Веронаға" жалға берілген болатын. Жазда арадағы келісім-шарт мерзімі аяқталса да, футболшы Португалияға қайтпайтынын мәлімдеді. Оның себебі, кәрі құрлықтың бірнеше белді командалары қызығушылық танытып жатырғанында екен. Сол тізімнің ішінде, Ағылшын Премьер-Лигасының күміс жүлдегері "Ливерпуль" де бар. Брендан Роджерстың айтуынша, 20 жастағы аргентиналық шабуылшы "Веронада" жоғарғы деңгейде ойын өрнегін көрсеткен.  Ал, басшылық футболшы үшін 15 миллион фунт стерлинг қиюға дайын. Мәлім болғандай Итурбеге "Челси" мен "Ювентус" та қызығушылық танытып отыр. Солардың алдын орап, өз сапына қосу үшін қызылдар басшылығы "Портуға" жақын арада осы қаржыны ұсынбақ. ------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------ Француз, итальян, түрік басылымдары Дидье Дрогбаның жаңа маусымда "Ювентус" сапында өнер көрсететінің жарысы жазуда. Аппенин түбегіндегі туриндік клубпен Дрогба арасында бәрі шешіліп қойған-мыс. Тіпті, әлем чемпионатына да "Ювентустың" футболшысы ретінде барады екен. Негізі, бұндай ақпарат қысқы трансфер кезіңде де тараған болатын. Бірақ, оның бәрі тек сөз жүзінде қалғантұғын. "Галатасарайдың" сапында, Түрік Суперлигасында Дрогба бұл маусымда 10 гол соғып, 3 нәтижелі пасты атына жазған. ----------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------- Католoниялық "супер-клуб" "Барселона"  қорғаушыларға зәру екені мәлім. "Барселона" "Ромаға" мароккалық қорғаушы Мехди Бенатиаға жөнінде ұсыныс жасамақ. Жаңа бапкер Луис Энрике, осы 27 жасарлық Бенатиа "Барселонада" Жерар Пикемен орталық қорғаныста жұп құрауға лайықты дейді. Трансфер құны 35 миллион еуро болады деп жоспарлануда. Бұндай үлкен қаржыны ұсынудың жөні де бар. "Рома" бұл маусым А Сериясында 38 ойында 25 өткізген. Бұл жаман нәтиже емес. Әрине, Бенатианың еңбегі зор. Екіншіден, Бенатиа шабуылға жақсы араласатын ойыншы. Бұл маусымда 5 гол соғып, нәтижелі пас та еншілеген. Қыста ғана, бұл ойыншы үшін 14 миллион еуро төлеген "Рома" үшін де, "қалта қампайтудың" тиімді сәті туып тұрғандай.    Фараби ӘБДІХАЛЫҚ
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Алдыңғы жаңалық
ФУТБОЛ. ӘЧ. ТАҢДАМАЛЫ- 20
Келесі жаңалық
ФУТБОЛ. ӘЧ. ТАҢДАМАЛЫ- 20
Серіктес жаңалықтары
×