Әлем футболындағы жаңалықтар

25.01.2015, 01:16
Әлем футболындағы жаңалықтар
Мохаммед Салах "Рома" клубының ойыншысы атанды.  Египеттік футболшыны "Челси" клубы жарты жылға жалға берді. Футболшының бағасы 17 миллион еуро.   Салах "ақсүйектер" сапында 19 рет жасыл алаңға шығып, 2 голдың авторы атанған.  Мохамед Салах, Челси ********************************************************************************* Арсен Венгердің басты назарына іліккен футболшы - Кевин Гросскройц . Германия ұлттық құрамасы мен  "Боруссия"(Дортмунд) клубының ойыншысы. 26 жасар жартылай қорғаушы  "Боруссия" сапында 142 ойын өткізіп, 22 гол соққан. Германия ұлттық құрамасының жейдесін 2010 жылы киіп, 5 ойын өткізген. Лондондық клуб бұл неміс ойыншысы үшін 3.7 миллион еуро беруге дайын. **************************************************************************** Ал бұл қара нәсілді футболшыны "кім" деп отырған шығарсыздар? Ағылшындық "Ньюкасл" командасының ойыншысы - сенегалдық Паписс Демба Сиссе. Сенгал ұлттық құрамасында 23 ойын (9 гол),  "Ньюкасл" сапында 73 ойын (29 гол) өткізген.  Франция, Германия, Сенегал, Ағылшын чемпионаттарында доп тепкен. Сиссені Қытай біріншілігінде өнер көрсететін "Шанхай Ист Эйша" клубы сатып алмақшы. Шабуылшыға осыдан бір жыл бұрын "Локомотив" командасы келісім - шарт ұсынған. Алайда футболшы ұсыныстан бас тартқан. Қытайлық клуб футболшыға 3 жылдық келісім - шарт ұсынып, жылына 10 миллион еуро беруге дайын екендігін мәлімдеген. Паписс Сиссе («Ньюкасл») ************************************************************************** Мадридтік "Реал" жас таланттарды іздестіруді жалғастыруда. Италияндық 16 жасар шабуылшы қазіргі кезде "Милан" командасының ойыншысы. Мароккалық футболшы Италия азаматтығын алған. Негізгі құрамнан орын алмаса да Хашим Мастур әлемнің үздік клубтарының қызығушылығын оятып үлгерген. Каталондық "Барселонаның" өзі бұл футболшыны өз қатарларынан көргісі келген екен. Енді міне "корольдік клуб" құда түспекші. ************************************************************************* Иә. Иә. Бұл норвегиялық 16 жасар бала Германия ұлттық құрамасының үздік ойыншыларының бірі Марко Ройстан да көп ақша табады екен.   View image on Twitter ***************************************************************************** "Фиорентина" жанкүйерлері үшін жағымды жаңалық. Альберто Джилардино италияндық клубқа қайта оралды. Медициналық тексерістен сәтті өткен соң, екі жақ келіссөздер жүргізді. Енді ол жаңа командасында 9 нөмірлі жейдемен өнер көрсететін болады. Бұған дейін ол қытайлық "  Гуанчжоу Эвергранд " клубында жалға ойнаған. Альберто Джилардино ************************************************************* Гректердің чемпионы " Олимпиакос" клубы мәскеулік " Зенит" командасының қорғаушысы Луиш Нетуді сатып алмақшы. Португалдық футболшы жақын арада Афина жерінде доп тебуі мүмкін. Екі жақты келіссөздер жүргізілуде.   Защитник «Зенита» Луиш Нету ******************************************************************************* Лондондық "Челси" клубы украиналық "Шахтер" командасына 20 миллион еуро ұсынды. Моуриньо бразилиялық шабуылшы Дуглас Костаны өз қатарларынан көргісі келеді. Егер ол ойы жүзеге асса "ақсүйектерде" екі Коста болмақ. Бірі Диего, екіншісі  осы Дуглас. Дуглас Коста - Шахтер *******************************************************************************************************     Абылайхан ЖҰМАШ
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×