Еуропаның орталық ойындары. Жіберіп алмаңыздар.

24.01.2015, 23:59
Еуропаның орталық ойындары. Жіберіп алмаңыздар.
Бүгін-ертең Еуропа алаңдарында ішкі біріншіліктердің матчары өтетін болады. Тек, топ-чемпионаттардан Ағылшын Премьер-Лигасы, Англия кубогінің кездесулеріне байланысты, ішкі чемпионат бір аптаға демалыс алды. Ал, Бундеслиганың қысқы демалысы ұзақ екеніне етіміз үйренген. Араға, екі айға жуық уақыт салып, неміс чемпионаты 30-шы қаңтарда оралатын болады. Ал, Аладоп сайты әдеттегідей чемпионаттардағы орталық ойындарға матч алдындағы шолуын жасамақ. "Лацио"-"Милан" Сенбі-жексенбінің орталық ойыны, Аладоп сайтының бағалауынша Римдегі "Олимпико" стадионында өтпек. Бір апта бұрын, өз алаңында "Аталантаға" жеңілген "Милан", Римге қонаққа келеді. Екі команданың арасын 5 ұпай бөліп тұр. "Лацио" да өткен аптада өз алаңында есе жіберген еді. Әрине, россенеридің қарсыласымен салыстырғанда, римдіктердің қарсыласы мықты болды. "Лациомен" бірге Чемпиондар Лигасының орнына таласып жүрген "Наполи". Сондықтан, үшінші орынға шығып кеткен неаполдықтарды уақытша болса да, сол жүлделі орнынан сырғытуға "Лацио" дәмелі. Ал, "Миланның" аңыз сұрмергені, бүгінгі бапкері Индзагидің тағдыры қыл үстінде. Бүгінде "Милан" жанкүйерлері екі топқа бөлінген. Бір жағы Индзагиге сенетіндер, екінші жағы бапкердің орнынан кетуін талап ететіндер. Егер де, бүгін Римде жеңіліп жатса, Индзагидің орнынан кету мүмкіндігі бірден артатыны түсінікті. Италия басылымдарында Берлусcкони "Милан" тізгініне бұрынғы "Романың" бапкері Лучано Спалеттиді шақырды деген сыбыс бар. Қайткен күннің өзіңде, бүгінгі "Миланды" қалыпқа келтіру үшін білікті, көпті көрген тәжірбиелі бапкер керек екені анық. Ал, уақытында "Миланды" Еуропаның королі денгейіне көтеріп, бірнеше жыл ұстап тұрған Зеедорф, Индзаги секілді аңыздардың беделі клуб, жанкүйерлер алдында жоғары болғанымен, жақсы ойыншыдан жақсы бапкер барлық уақытта шыға бермейтіні белгілі. "Валенсия"-"Севилья" Келесі жылы Ла Лига атынан "Барселона", "Реал Мадрид", мүмкін "Атлетикомен" қатар, тағы қай команда қатысарын болжап айту өте қиын. Төртінші орынға талас былтырғыдан да тартысты болғалы тұр. "Валенcия", "Вильяреал", "Севилья". Бүгінде осы үштік Чемпиондар Лигасының жолдамасына басты үміткерлер. Ал, ертең "Валенсия" мен "Севилья" кездеспек. Екеуін турнир кестесінде бір ұпай ғана бөліп тұр. "Жарғанаттарға" жаңа басшы келісімен клубта жағдай өзгерді. Бұдан бір-екі жыл бұрын "Валенсия" Англия мен Испанияның жетекші клубтарын өз ойыншыларымен қамтамасыз етіп, команда енді күшейген кезде қайта таз күйіне түсетін. Ал, бүгін клуб белді ойыншыларын сақтап қана қоймай, көптеген азулы грандтардың алдын орап, мықты ойыншыларды команда сапына қосып отыр. Жақында ғана таланттарды топ-тобымен шығаратын "Бенфикадан", аргентиналық шебер Энцо Пересты 25 миллион еуроға сатып алды. Енді, басшылық "қызыл сойқандар" сапында орын таппай жүрген Даррен Флатчер мен "Интердің" жарқын ойыншысы Гуаринді қатарға қосқысы келеді. Бұлай жалғасса, "Валенсия" бір кездері бірнеше жылдап жылжымаған орны Премьераның үштігіндегі орнын қайтарып алары сөзсіз. Команданың қайсар мінезі таң қалдырады. Өткенде, "Реалға" қарсы ойында жеңіліп жатып, екінші таймда ойынды толықтай өзгертіп, жеңісті жұлып әкеткенін білеміз. Ал, Анчелотти жігіттеріне қарсы ойында, бұндай ерлік ешбір команданың қолынан келе бермейді. "Севилья" сонау қарашада "Камп Ноуда" 1:5 есебімен ойсырағаннан кейін, жеңілістің ащы дәмін татпауда. Премьерда соңғы 6 ойында 16 ұпай еншілепті. Яғни, 5 жеңіс 1 тең нәтиже. Дегенмен, стастиканың аты статистика, өткен-тарих. Унаи Эмери шәкірттеріне "Месталья" стадионында қиын соғады. "Жарғанарттар" қай команда келсе де, өз үйін өзге үшін тозаққа айналдырып жіберетінің жақсы білеміз.   Фараби ӘБДІХАЛЫҚ    
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×