Әлемдегі ең көп жалақы алатын ойыншылардың тізімі жарияланды

15.09.2020, 15:36
Бұл тізімді Forbes журналы жариялады.
Әлемдегі ең көп жалақы алатын ойыншылардың тізімі жарияланды

Forbes журналы 2020 жылы ең көп жалақы алған футболшылар тізімін жариялады.

Тізімде «Барселонаның» шабуылшысы Лионель Месси көш бастап тұр. Аргентиналық футболшының табысы 126 миллион долларға бағаланады (оның 92 миллионы жалақы). Рейтингтің екінші сатысында туриндік «Ювентус» шабуылшысы Криштиану Роналду тұр, ол 2020 жылы 117 миллион доллар тапты.

Бұған дейін португалиялық футболшы тарихтағы алғашқы миллиардер футболшы атанған еді. Үшінші орында «Пари Сен-Жерменнің» шабуылшысы Неймар (96 миллион доллар).

Толық тізім келесідей:

1. Лионель Месси ("Барселона", 126 миллион доллар);

2. Криштиану Роналду ("Ювентус", 117 миллион доллар);

3. Неймар (ПСЖ, 96 миллион доллар);

4. Килиан Мбаппе (ПСЖ, 42 миллион доллар);

5. Мохамед Салах ("Ливерпуль", 37 миллион доллар);

6. Поль Погба ("Манчестер Юнайтед", 34 миллион доллар);

7. Антуан Гризманн ("Барселона", 33 миллион доллар);

8. Гарет Бэйл ("Реал Мадрид", 29 миллион доллар);

9. Роберт Левандовски ("Бавария", 28 миллион доллар);

10. Давид де Хеа ("Манчестер Юнайтед", 27 миллион доллар).

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×