Әли Әлиев «Астананың» жастар командасын жаттықтырады

19.06.2021, 00:19
Әлиев соңғы мәрте қарағандылық «Шахтер» сапында жұмыс істеген болатын.
Әли Әлиев «Астананың» жастар командасын жаттықтырады

Бүгін «Астана» командасының қосалқы құрам футболшыларына жаңа бас бапкер Әли Әлиев таныстырылды.

Кезінде өзі де доп тепкен Әли Ханалыұлы - тәжірибесі мол маман. Сондай-ақ ол «Қызыл-Жар СК» және «Шахтер» командаларының бас бапкері болып қызмет атқарған.

Бұл қызметте отырған Котов Константин Футбол орталығының үйлестірушісі лауазымына ауыстырылды. Енді Константин Владимирович бапкерлер құрамының оқуына жауап беріп, клубтың футбол орталығын дамытудың 2021-25 жылдарға арналған бағдарламасы бойынша тәжірибелік және теориялық жұмыспен айналысады.

Сонымен қатар футбол орталығындағы жұмысқа Сапар Қарынбаев оралды. Ол «Астана-2005» командасын жаттықтыратын болады. Оған Александр Лисин көмектеседі.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×