Иван Антипов «Ақжайыққа» жеңіс сыйлады

19.06.2021, 01:00
Оралдық клуб төртінші орынды ешкімге бергісі келмейді.
Иван Антипов «Ақжайыққа» жеңіс сыйлады

"Қызыл-Жар" Қазақстан Премтер-лигасының 16-туры аясында "Ақжайық" клубын қабылдады. Матч Петропавлдағы "Қарасай" стадионында өтіп, 0:1 есебімен оралдық клубтың пайдасына шешілді.

Ойындағы жалғыз гол 51-минутта соғылды. "Ақжайықтың" жартылай қорғаушысы Иван Антипов жеңісті голдың авторы атанды.

24-ші ұпайын қоржынға салған Владимир Мазяр шәкірттері турнирлік кестеде төртінші орынға көтерілді. 21 ұпайы бар петропавлдық клуб жетінші орында тұр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×