
Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Али Алиев жартылай қорғаушы Александр Меркельдің ұлттық құрамаға қайта орала алмай отырған себебін түсіндірді. Мәселе футболшының кәсіби қабілетінде емес, құжаттық кедергілерде болып отыр.
Sports24.kz порталына берген сұхбатында Алиев Меркельдің жағдайы заңдық мәселелерге тіреліп тұрғанын айтты. Атап айтқанда, футболшының қос азаматтығы бар, бұл – Қазақстан заңнамасына қайшы.
"Мәселе Меркельді құрамаға шақырғымыз келе ме, келмей ме дегенде емес. Мәселе – оның паспортында. Дәл осындай жағдай кезінде Жуковта болған, бірақ ол мәселе дұрыс әрі ашық шешілді. Меркель де өзі бұны түсінуі керек: алдымен заңдық мәселесін реттесін." – деді Алиев.
Бас бапкер құраманың есігі барлық талапқа сай келетін ойыншыларға ашық екенін, оның ішінде Меркельге де мүмкіндік бар екенін атап өтті:
"Егер ол құжаттарын заңға сәйкес реттесе, құраманың есігі оған ашық. Біз команданың ойын моделіне сәйкес келетін кез келген футболшыны қарастыруға дайынбыз. Меркельдің тәжірибесі бізге сөзсіз қажет. Бірақ алдымен – құжат мәселесі шешілуі керек."
Айболат Өнер
Біздің серіктес: FONBET