Әли Әлиев: «Көшбасшы команданы жеңгендей сезімде болдық»

23.05.2022, 18:47
«Қызыл-Жар» жеті матч бойы жеңістің дәмін татпаған еді.
Әли Әлиев: «Көшбасшы команданы жеңгендей сезімде болдық»

«Қызыл-Жардың» бас бапкері Әли Әлиев Премьер-лиганың 12-турында «Ақжайықпен» болған ойынға (2:0) қатысты пікір білдірді:

- Осы кездесуге қатысқан барлық жігіттерге, сондай-ақ осы матчқа дайындалған бапкерлер штабына алғысымды білдіргім келеді. Иә, ойын қиын болды. Біз өте қиын қарсыласпен кездестік. Маған сеніңіз, «Ақжайық» командасын өз алаңында және сырт алаңда жеңу оңай емес. Олар физикалық жағынан да, тактикалық жағынан да өте мұқият дайындалған. Командадағы әрбір ойыншы не істеу керектігін біледі. Сондықтан бұл жеңісті турнирлік кестенің басында келе жатқан команданы жеңгеніміздей бағалаймын.

Ойын жоғары деңгейде басталды. Осы апталық циклде біз дайындаған алгоритмдер мен тактикалық комбинацияларды жүзеге асыру біраз қиын болды. Және бұл психологиялық сәт деп ойлаймын. Біз соққан гол ойынның қарқынына әсер етпеді. Жігіттердің өздерін сенімді сезіну үшін жеңістің жетіспейтінін сезінді.

Екінші таймда қарсыластың күші сарпыла бастағанда, біз азды-көпті бос кеңістікке ие болдық. Бұл кеңістікті біз жақсы пайдаландық және мүмкіндіктер бірінен соң бірі пайда бола бастады. Бұл қосалқы құрамнан шыққан ойыншылардың еңбегі. Кездесу соңында концентрацияны аздап жоғалтып алдық, бірақ қарсылас бізді кешірді, Осылайша, жігіттер сенімді түрде жеңісті нәтижені тіркеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×