Левандовскидің агенті: «Роберт үшін қазір ақша маңызды емес»

23.05.2022, 19:21
Пини Захави Роберттің клубтан кету туралы шешім қабылдағанын мәлімдеді.
Левандовскидің агенті: «Роберт үшін қазір ақша маңызды емес»

Каталондық «Барселона» «Баварияға» Роберт Левандовски үшін 35 миллион еуро ұсынды.

Белгілі журналист Николо Скираның хабарлауынша, 33 жастағы поляк футболшысы испаниялық клубпен үш жылдық келісім-шартқа отыру туралы мәміле жасасқан.

«Роберт сегіз жыл бойы барын берген клубтан кеткісі келеді. Ол 34 жасында арманын жүзеге асырып, өзі армандаған клубқа ауыса алады. Неліктен «Бавария» оны жібергісі келмейді?

Роберт үшін бұл мәселе жабық, мен де, ол да қазір ақша туралы ойламайды. Соңғы айларда ол басшылықтағы адамдардан сыйластықты сезінбеді. Басшылық өз ойын өзгертеді деп сенемін. Иә, әрине, олар Левандовскийді 2023 жылға дейін ұстап қала алады, бірақ мен мұны істеуге кеңес бермес едім. Роберт үшін «Бавария» - тарих», - деді футболшының агенті Пини Захави.

Өз кезегінде «Барселонаның» бас бапкері Хави де клубтың поляк шабуылшысы үшін келіссөздер жүргізіп жатқанын растады.

Еске салайық, Левандовски «Баварияға» 2014 жылы дортмундтық «Боруссиядан» ауысқан еді. 33 жастағы поляк шабуылшының клубпен келісім-шарты 2023 жылдың маусымында аяқталады. Роберт осы маусымда Бундеслигада 34 ойынға қатысып, 35 гол соқты, 3 нәтижелі пас берді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×