Әли Әлиев: «Қазақстан бүгін алаңға шығып, футбол тарихын жазған жігіттерді мақтан тұтуы керек»

29.07.2022, 16:04
Петропавлдық клуб еурокубоктегі дебюттік маусымын сәтті бастады.
Әли Әлиев: «Қазақстан бүгін алаңға шығып, футбол тарихын жазған жігіттерді мақтан тұтуы керек»

«Қызыл-Жардың» бас бапкері Әли Әлиев УЕФА Конференция лигасының екінші іріктеу кезеңінде «Осиекпен» бооған қарымта ойынды (2:0) қорытындылады:

- Ең алдымен Осиек қаласына қонақжайлылығы үшін алғыс айтқым келеді. Мұнда болған екі-үш күннің ішінде бәрі бізге жылы қабақ танытты. Стадионға, бізбен дос болған жанкүйерлерге рахмет.

Ойынға келетін болсақ. Қазақстан Солтүстік Қазақстан облысы мен бүгін алаңға шығып, футбол тарихын жазған осы жігіттерді мақтан тұтуы керек. Ойынға арналған жоспардан ауытқымай, өз мүмкіндігімізді күттік. Жігіттерге шыдамдылық танытқандары үшін алғыс айтамын. «Осиек» - өте мықты команда. Өкінішке орай, олардың қорғанысын бұзып өту қиынға соқты, бірақ біздің жігіттердің жанкештілігін де атап өткен жөн. Біз өз мүмкіндігімізді күттік және оны пайдаландық. Алаңға шыққан жігіттер де, негізгі құрамда болған жігіттер де өз функцияларын орындап, команданы жеңіске жетеледі.

Осы жеңіске қатысы бар адамдарға рахмет айтамын. Біздің командаға сенген жанкүйерлерге мың алғыс! Нәтижеге қарамастан команданы жақсы көретін және қолдайтын жанкүйерлеріміз бар. Олар бізді қолдады! Бүкіл Солтүстік Қазақстан облысын, әсіресе әкіміміз – Құмар Ырғыбайұлы Ақсақаловты және клуб басшылығын құттықтаймын. Олар бұл нәтижеге лайық. Сондықтан Солтүстік Қазақстан облысы бұл жеңісті бүкіл Қазақстанға арнайды деп ойлаймын.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×