Ненад Белица: «Қарсылас гол соққаннан кейін біз өзімізді жоғалтып алдық»

29.07.2022, 17:02
Матч фавориті саналған хорватиялық ұжым өз жанкүйерлерінің алдында ұятқа қалды.
Ненад Белица: «Қарсылас гол соққаннан кейін біз өзімізді жоғалтып алдық»

«Осиек» командасының бас бапкері Ненад Белица УЕФА Конференция лигасының екінші іріктеу кезеңінде «Қызыл-Жармен» болған қарымта матчқа (0:2) қатысты пікір білдірді:

- Біздің команда 90-шы минутқа дейін қолдаған жанкүйерлер сенімін бес пайызға да ақтамады. Біз оларға ештеңе көрсете алған жоқпыз. Бірінші тайм тартысты өтті, бірнеше жақсы соққылар болды, бірақ қарсылас қақпасынан саңылау таба алмадық. Олардың голынан кейін біз қобалжып, дәл пас беруді ұмыттық. Ойын соңында тәуекел жасағанымызбен, гол соғу мүмкін болмады.

Қандай мәселе болды? Айту қиын, жүз себебін табуға болады, бірақ мұндай жеңілісті ақтай алмаймын. Мен бар жауапкершілікті өз мойныма аламын, командамның ойыны ұнамады, әсіресе екінші таймда. Қарсылас гол соққаннан кейін біз өзімізді жоғалтып алдық, не алда, не артта ұйымшылдық болмады. Мұндай сәтте бапкер ең үлкен жауапкершілікті өз мойнына алады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×