Кирилл Кекер: «Екі матчта да «бірінші нөмірмен» ойнадық»

29.07.2022, 21:11
Алматылық клуб екі матчта да венгриялық клубтың қақпасынан саңылау таба алмады.
Кирилл Кекер: «Екі матчта да «бірінші нөмірмен» ойнадық»

«Қайраттың» бас бапкері Кирилл Кекер УЕФА Конференция лигасының екінші іріктеу кезеңі аясында «Кишвардаға» қарсы өткен қарымта матч туралы пікірін айтты:

 - «Кишварданы» жеңісімен құттықтаймын. Клубқа жетістікке жетуін тілеймін. Өкінішке қарай, екі ойында да гол соға алмадық. Бастапқы жоспарымызға бірінші таймдағы жарақат өзгеріс әкелді. Дегенмен әлі де дамытуды қажет ететін тұстарымыз бар. Көрермендерге матч қызық болды деп ойлаймын. 

Екі матчта да «бірінші нөмірмен» ойнадық. Қарсыласымыз болса қарымта шабуылға иек артты. Біз гол соғатын мүмкіндіктер жасағанымызбен, соңына дейін жүзеге асыра алмадық.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×